Alash Pride чемпионы мен Bellator бұрынғы чемпионы жекпе-жекке шығады: Болашақ ойындарындағы фиджитал ММА жарысының тікелей эфирі
8 тамызда Астанада «Болашақ ойындары — 2026» аясында фиджитал ММА бойынша жарыс өтеді.
Турнирге бірқатар танымал спортшылар қатысады. Олардың қатарында «Alash Pride» чемпионы Расул Хатаев, OKTAGON чемпионы Богдан Пшебильский, «Bellator» бұрынғы чемпионы Олег Попов, RCC лигасының басты жұлдыздарының бірі Темірхан Темірханов және басқа да файтерлер бар.
Жекпе-жекке қатысатын спортшылардың толық тізімімен мына жерден танысуға болады.
Жарыс сағат 16:00–де басталады. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.к