logo

Қазақстандық теннисшілердің Almaty Open жарысындағы алғашқы қарсыластары анықталды

Қазақстандық теннисшілердің Almaty Open жарысындағы алғашқы қарсыластары анықталды

Almaty Open турнирінің негізгі кезеңінің жеребесі өтті.

Негізгі сеткада төрт қазақстандық теннисші ойнайды – Александр Шевченко және ұйымдастырушылардан уайлд карт алған Бейбіт Жұқаев, Әмір Омарханов пен Тимофей Скатов.

Михаил Кукушкин мен Денис Евсеев негізгі кезеңге іріктеу арқылы өтуге тырысады.

Бірінші айналымда Шевченко сербиялық Ласло Джеремен кездеседі, Жұқаев турнирдің алтыншы ракеткасы америкалық Алекс Михелсенге қарсы шығады, Омарханов – жетінші нөмірлі канадалық Габриэль Диалломен, ал Скатов – чилилік Николас Джерримен ойнайды.

Beeline Janymda. Спортта да, желіде де — тұрақты мобильді қолдау.

Almaty Open турнирінің ресми трансляторы – Sport+ телеарнасы.