logo

NAIZA лигасының екі жаңа чемпионы анықталды (видео)

NAIZA лигасының екі жаңа чемпионы анықталды (видео)

Атырауда өткен турнирде NAIZA лигасының 57 және 62 келі салмақ дәрежелеріндегі бос чемпиондық белбеулердің иегерлері анықталды.

57 келі салмақта қазақстандық жауынгер Болат Заманбеков чемпион атанды. Ол бірінші раундта Ислам Умаровты тұншықтыру әдісімен жеңді.

62 келі салмақта Валерий Гусаров чемпион болды. Ол Мейірбек Төлегеновті тұншықтыру әдісімен жеңді.