Фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі
Чжанцзякоу қаласында (Қытай) фристайл-акробатикадан Әлем кубогының кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы барлық дисциплинада өнер көрсетіп, төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
Ерлер:
— Шерзод Хаширбаев — 20-орын;
— Ұланбәкір Өмірзақов — 23-орын;
— Роман Иванов — 25-орын;
— Дінмұхамед Райымқұлов — 26-орын;
— Асылхан Асан — 29-орын.
Әйелдер:
— Ардана Маханова — 25-орын.
Аралас командалар арасындағы жарыста Қазақстан құрамасы оныншы орынға тұрақтады.