Шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың нәтижесі
Швецияның Фалун қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Үлкен тұғырдан секіру жарысында словениялық Анзе Ланисек жеңімпаз атанды. Екінші орынды аустриялық Стефан Эмбахер иеленсе, қола медальді словениялық Домен Превц жеңіп алды.
Казақстандық спортшылар Илья Мизерных пен Данил Васильев 47-ші және 50-ші орындарды иеленді.