logo

WBA ASIA титулдары Қазақстанда қалды (видео)

WBA ASIA титулдары Қазақстанда қалды (видео)

Алматыда өткен бокстан RD Promotion турнирінде WBA Asia титулы үшін екі жекпе-жек өтті.

Қазақстандық боксшы Армат Арманұлы төрешілер шешімімен Тәжікстан өкілі Авзалбек Куранбаевты жеңіп, осы мәртебелі белбеуді иеленді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла өз белбеуін қорғап қалды. Оның филиппиндік Камикемен өткен жекпе-жегінің қорытындысы бойынша төрешілер тең нәтиже тіркеп, соның нәтижесінде белбеу Елшатта қалды.