Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында өзбекстандық Сабрина Чакомановамен кездесті.

Нәтижесінде өзбекстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.

Осылайша Марал Төлепберген Олимпиада ойындарын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ақнұр Тұрсынғали (57 келі) мен Бибарыс Әшірбай (70 келі) ақтық сынға өткен еді.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында бес жүлде бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) мен велошабандоз Әнел Тәшбай алтын медаль иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов пен таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары) қола жүлдеге қол жеткізген еді.