«Ақтөбені» үш елде чемпион атанған бапкер басқаруы мүмкін
Украиналық маман Роман Григорчук «Ақтөбенің» бас бапкері қызметіне тағайындалу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Sport+ Legalbet сайтына сілтеме жасап.
60 жастағы бапкер бұған дейін «Астанамен» де келіссөздер жүргізген. Ол бұл клубта 2018–2019 жылдары жұмыс істеген болатын. Алайда «Ақтөбе» украиналық маманға бүкіл бапкерлік мансабындағы ең жоғары жалақыны ұсынған.
Григорчук әр жылдары латвиялық «Динабург» пен «Вентспилсті», украиналық «Металлург» пен «Черноморецті», әзербайжандық «Габала» мен «Нефтчиді», сондай-ақ Беларусьтің «Шахтер» клубын жаттықтырған. Оның соңғы жұмыс орны — украиналық ЛНЗ клубы, ол бұл команданы 2025 жылдың мамыр айының соңында тастап кеткен.