Грузиялық сұрмерген «Жеңіспен» келісімшартын ұзартты
Елордалық «Жеңіс» клубы 33 жастағы грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидземен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Футболшымен жасалған жаңа келісім 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
Өткен маусымда Лобжанидзе елордалық клуб сапында барлық турнирлерде 12 матч өткізіп, 4 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген.
Футболшы мансабында Қазақстанның бірқатар клубтарында өнер көрсеткен. Атап айтқанда, «Тараз» (2019), «Қайсар» (2020), «Тобыл» (2021), «Қызылжар» (2022) командаларында ойнаған.