Almaty Open турнирі Sport+ телеарнасының тікелей эфирінде

11 қазан күні Алматыда ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңі басталады, ал негізгі тур ойындары дүйсенбі, 13 қазанда басталады.
Бірінші күні Қазақстан атынан ұйымдастырушылардан уайлд-кард алған Михаил Кукушкин мен Денис Евсеев өнер көрсетеді. Олар жапондық Таро Даниэлге және австралиялық Бернард Томичке қарсы ойнайды.
Sport+ телеарнасы арқылы бірінші корттағы барлық төрт матч тікелей эфирде көрсетіледі:
11:00 — Илья Симакин (Ресей) — Юго Бланше (Франция)
12:30 — Аугуст Хольмгрен (Дания) — Титуан Дроге (Франция)
14:00 — Билли Харрис (Ұлыбритания) — Марко Топо (Германия)
15:30 — Лиам Драксль (Канада) — Марк-Андреа Хюслер (Швейцария)
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау
Барлық ойындарды sportplustv.kz сайтынан көруге болады.