Қазақстандық каратэші Премьер-лига плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстандық  каратэші Премьер-лига плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстандық каратэші Никита Тарнакин Марокко астанасы Рабатта өтіп жатқан Премьер-лига санатындағы турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Спортшы топтық кезеңде хорватиялық Иван Квешичті, финляндиялық Бьерн Куловуори мен француз Исса Ларджуманы жеңді.

Ширек финалда Никита мысырлық Юсеф Бадавимен кездеседі.

Сондай-ақ Софья Берульцева да плей-оффқа шықты. Ол топта хорватиялық Николина Голомбош пен мысырлық Хабиба Хельманиден басым түсті.