София Берульцева — каратэ бойынша 2026 жылдың үздік спортшысы

София Берульцева — каратэ бойынша 2026 жылдың үздік спортшысы

София Берульцева кумите бағдарламасы бойынша +68 келі салмақ дәрежесінде 2026 жылдың үздік спортшысы атанып, бұл марапатты өзінің спорттық мансабында алғаш рет жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+.

Маусым бойы жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсеткен спортшымыз каратэден Премьер-лиганың алғашқы үш кезеңінде қатарынан жеңіске жетті.

Осының нәтижесінде ол жалпы есепте қарсыластарынан көбірек ұпай жинап, маусым аяқталғанға дейін бір кезең қалғанына қарамастан, чемпиондық атақты мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.



Күн шежіресі