Софья Берульцева Премьер-лиганы жеңіп алды
Қазақстан құрамасының каратэден көшбасшысы Софья Берульцева Ыстамбулда өткен Премьер-лига турнирінің жеңімпазы атанды.
Финалда +68 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Непал өкілі Арика Гурунгті айқын басымдықпен жеңді.