Софья Берульцева каратэден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық каратэші Софья Берульцева Каирде (Мысыр) өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
68 келіден жоғары салмақтың финалында Берульцева Германия спортшысы Йоханна Кнермен кездесті. Шешуші кезеңнің қорытындысы бойынша германиялық каратэші жеңіп, Софья жарысты күміс медальмен аяқтады.
Айта кетейік, сондай-ақ Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) мен Әсел Қанай (61 келіге дейін) да жүлдеге ие болды. Олар жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.