Қазақстан құрамасы алғаш рет боччадан әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан құрамасы алғаш рет боччадан әлем чемпионатына қатысады

24 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласында боччадан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасы әлемдік додаға алғаш рет қатысады. Ел намысын Қуаныш Асқарбеков, Ерхат Алмат және Итиана Шыңғысханова қорғайды.

10 күнге созылатын жарысқа әлемнің 48 елінен 500-ге жуық параспортшы қатысады.

Айта кетейік, боччадан әлем чемпионаты бұған дейін 2022 жылы Бразилияда өткен.

Сеулдегі әлем чемпионаты биыл Жапонияда өтетін жазғы Пара Азия ойындарының алдында қазақстандық спортшылар үшін маңызды сынақтардың біріне айналады.



Күн шежіресі