Путинцева Уимблдон турнирін алғаш болып Қазақстан атынан бастайды. Путинцева – Анисимова ойынының тікелей эфирі

2025 жылғы Уимблдон турнирінде Қазақстан атынан алғаш болып елдің екінші ракеткасы Юлия Путинцева өнер көрсетеді.
Юлия маусымның шөп кезеңін аса сәтті бастай алған жоқ — ол тек Ұлыбританиялық Ханна Клугманды жеңіп, Саккари (Грекия), Шрамкова (Словакия) және Уотсоннан (Ұлыбритания) ұтылып қалды.
Уимблдондағы Путинцеваның алғашқы қарсыласы — қазіргі таңда әлемнің 12-ракеткасы саналатын америкалық Аманда Анисимова болады.
Юлия мен Аманда бұған дейін 4 рет кездескен, әзірге есеп 3:1 АҚШ өкілі Анисимованың пайдасына. Бұл спортшылар алғаш рет шөп кортында ойнайды.
Путинцева — Анисимова матчы шамамен сағат 20:30–да басталады.
Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.
Путинцева мен Анисимованың ойынынан бөлек, Уимблдон турнирінің алғашқы күні Sport+ арнасы келесі матчтарды көрсетеді:
Бенжамен Бонзи — Даниил Медведев
Фабио Фоньини — Карлос Алькарас
Арина Соболенко — Карсон Брэнстин
Жасмин Паолини — Анастасия Севастова
Артюр Риндеркнеш — Александр Зверев