Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңінің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Уимблдон турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport+.
Кукушкин сенсация жасап, бразилиялық Тьяго Уайлдты 4:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Келесі айналымда Михаил АТР рейтингінде 195-орында тұрған даниялық Аугуст Хольмгренмен кездеседі.