Анна Данилина Истборн турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстан атынан өнер көрсететін теннисші Анна Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол жұптық сайыста чехиялық Мария Боузковамен бірге жартылай финалға дейін жетті.
Ширек финалда Данилина мен Боузкова британиялық Джоди Беррэдж бен Сонай Картал жұбын 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.
Финалға жолдама алу үшін олар енді Майя Ламсден мен Харриет Дартты (Ұлыбритания) тізе бүктіруі қажет.