logo

Мақсат Есболат: Мен тек дәрігерлерге жеңілгенімді бәрі біледі

Мақсат Есболат: Мен тек дәрігерлерге жеңілгенімді бәрі біледі

Alash Pride белдігіне үміткер Мақсат Есболат октагонға қашан оралатынын айтты, деп хабарлайды Sport+:

«Бұйырған кетпейді, ең бастысы лайықтысы біздің жанымызда! Ақпанда өз белдігімді алып кетуге келемін. Реванш әлде басқасы бола ма бәрібір. Өткенде мен тек дәрігерлерге жеңілгенімді бәрі біледі», - деп жазды Мақсат әлеуметтік желіде.

Шілде айында Мақсат бразилиялық Лукас Оливейре де Фарияға есе жіберді. Бұл жекпе жекті Қазақстан спортшысының жарақатының себебімен дәрігерлер тоқтатқан еді.