Әліби Ыдырыс: Бір-екі күнде виза мәселесі шешілмесе, мен TUF жауынгері болмаймын

«Еркін күш» клубының жауынгері Әліби Ыдырыс Sport+ сайтына берген сұхбатында UFC ұйымының The Ultimate Fighter (TUF) реалити-шоуна қатысу, қазіргі бабы және Шавкат Рахмоновпен жұмыс жасау мүмкіндігі туралы айтты.
— TUF-тан ресми ұсыныс келді ме?
— Бұл ұйым мені ашық анкета жіберу арқылы қабылдады. Өткен жылдың 18 желтоқсанынан бастап іріктеудің 4 кезеңінен өттім. Бұл жұмысты менің менеджерім Мирас жасады. Жүз жауынгердің ішінде сегіз адамды таңдады. Оның ішінде үш жауынгермен видео-байланыс арқылы сұхбат болды. Қазір 100% TUF-тың жауынгері деп айта алмаймын. Бір-екі күнде виза мәселесі шешілу тиіс, себебі оның алдындағы визам бітіп қалды. Содай кейін 1 ақпанда біздер АҚШ-қа барып, үш күн медициналық тексеруден өтеміз.
— Осы ұсыныс туралы командаңыз және бапкеріңізбен ақылдастыңыз ба?
— Иә, команда және бапкермен әрдайым ақылдасып отарамыз. Олар маған сенеді. Мен де өзіме сенімдімін.
— Қазіргі бабыңыз қандай деңгейде? Жасалған отадан кейін бәрі жақсы ма?
— Қазіргі бабым жақсы. Ота сәтті өтті. Үш айдай қалыпқа келдім, қазір бәрі жақсы.
— Келесі TUF маусымының жаңа бапкерлері Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад болады деген қауесет ақпараттар шықты. Бұл туралы не ойлайсыз?
— Бұл туралы интернетте оқыдым, бірақ бізге мұндай ақпарат айталмайды. Сол жерге барып, медициналық тексеруден өткеннкен кейін бізге бапкерлерді жариялайды.
The Ultimate Fighter — АҚШ-та аралас жекпе-жектен өтетін американдық реалити-шоу. Ол абсолютті жекпе-жек чемпионатының (UFC) аясында 2005 жылдың қаңтарынан бастап көрсетіледі.