logo

Волейболдан Қазақстан құрамасы жүлдеден бір қадам жерде тоқтады

Волейболдан Қазақстан құрамасы жүлдеден бір қадам жерде тоқтады

Ханойда (Вьетнам) волейболдан әйелдер арасындағы AVC Ұлттар кубогы аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан құрамасы турнирде жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Жартылай финалда біздің команда Вьетнамнан жеңіліп қалды.

Үшінші орын үшін өткен матчта қазақстандықтар Тайбэй командасына 1:3 есебімен (25:17, 13:25, 16:25, 13:25) есе жіберді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жарысты төртінші орынмен аяқтады.

Бірінші орынды Вьетнам жеңіп алды. Екінші орын Филиппин құрамасына бұйырды. Тайбэй командасының еншісінде қола медаль.