Сана Анарқұлова Сербия мен отандық волейболдың басты айырмашылығын атады

Волейболдан Қазақстан құрамасының лидері Сана Анарқұлова Sport+ телеарнасына берген сұхбатта Сербия мен отандық волейболдың басты айырмашылығын және Сербияда ойнауға әлеуеті жететін Қазақстанның үш ойыншысын атады:
«Сербия халқы өте еңбекқор, бала кезден жұмыс істейді, сол үшін физикалық тұрғыда мықты. Тұтастай бір таңғы жаттығуды қорғаныстағы ойынға арнауымыз мүмкін. Сербиядағы волейболда күш мәселесіне көп мән беріледі. Жылдамдық басқа, орталық ойыншылары қандай. Қазақстанда орталық ойыншы үлгермей жатқанын көріп, допты соғып жіберетінмін, ал Сербияда басымды көтергенше ол орнына келіп үлгереді. Біздің ойыншылардан кімнің мүмкіндігі бар? Жанна Сыроежкинаның техникасы жақсы. Бастапқыда қиын болғанымен, жас болғасын тез үйреніп кетеді. Белова бұрын барған еді, ол да әлеуеті жетеді деп ойлаймын. Юлия Якимова жас кезінде барса болар еді»
Сана Сербия суперлигасындағы «УБ» клубында өнер көрсетеді.