logo

Алматыдағы классикалық ат шабыстың тікелей көрсетілімі

Алматыдағы классикалық ат шабыстың тікелей көрсетілімі

17 мамырда Алматы ипподромында классикалық ат шабыс маусымының кезекті жарысы өтеді.

Спорттық бағдарлама 7 бәйгеден тұрады.

Бірінші сайысқа 2 жасқа дейінгі айғырлар 1200 метр қашықтықта қатысады. Бұл жарыста маусымның ең жарқын өкілі — Кабанбай мен оның шабандозы Руслан Юлдашев өнер көрсетеді.

«Бастау» жүлдесі үшін Қазақстанда туған 2 жасқа дейінгі тұлпарлар сайысқа түседі. Қашықтығы — 1200 метр. Жүлде қоры – 1 миллион теңге. Бұл бәйгеде фавориттердің бірі — 1000 метр қашықтықта жақсы нәтиже көрсеткен Торғын, сондай-ақ маусымның ашылу күнінде екінші орын алған Аль Каир болмақ.

2 жасқа дейінгі бие-тұлпарларға арналған сынақ бәйгеде 1200 метр қашықтықта асыл тұқымды 6 биенің дебюті орын алады.

3 жасқа дейінгі тұлпарларға арналған 1400 метрлік «Спринтер» жүлдесінде басты фаворит – өткен жылы ерекше көзге түскен Ұлытау.

Қазақстанда туған 3 жасқа дейінгі тұлпарлар 1400 метр қашықтықтағы «Жеңіс» жүлдесін сарапқа салады. Бұл жарыста өткен маусымды сәтті өткізген Минара мен 2024 жылғы маусымды жеңіспен аяқтаған Шакир фавориттер қатарында.

3 жасқа дейінгі биелер арасында 2 миллион теңге және «Лойна» жүлдесі үшін 6 тұлпар бақ сынайды, олардың арасында Қазақстанда алғаш рет өнер көрсететін Мэджик Лав (Ирландия) бар.

«Квасов» жүлдесі үшін Қазақстанда туған 4 жасқа дейінгі тұлпарлар жарысады. Бұл бәйгеде Нэйлана, Мәлік Шах және Мартин Принц арасында тартысты бәсеке күтілуде.

Бәйгелер 15:00-де басталады. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, sportplustv.kz сайтында және YouTube-тағы sportplus_qaz арнасында.