logo

Мақсат Ережепов қызметке тағайындалды

Мақсат Ережепов қызметке тағайындалды

Танымал қазақстандық балуан Мақсат Ережепов Қостанай облыстық Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

- Бүгін Федерация президенті Дәулет Тұрлыхановтың шешімімен Мақсат Аршабайұлы ресми түрде Қостанай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Президенті болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Мақсат Аршабайұлы — грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның үш дүркін чемпионы, әскерилер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бес дүркін чемпионы.

Бұл тағайындау өңірдегі күрес спортының дамуына жаңа серпін беріп, жас таланттардың көкжиегін кеңейтетін тың белестерге бастайды деп сенеміз. Мақсат Аршабайұлының тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі Қостанай облысының спорттық жетістіктерін еселей түсері анық.

Ал Қостанай облысының Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының атқарушы директоры қызметіне Талғат Жиентаев тағайындалды.



Күн шежіресі