Лопес Роналдуды басып оза ма? «Йокогама» – «Шанхай Порт» матчының тікелей эфирі

Азия Чемпиондар лигасының жауапты матчтарының алғашқы күнінен кейін турнирдің үздік сұрмергендері төрттікке бөлінді: Андерсон Лопес («Йокогама»), Салем Әл-Давсари («Әл-Хилял»), Асани («Гвангю») және Криштиану Роналду («Әл-Наср»).
Жапондық клубтың шабуылшысы 11 наурызда бұл тізімде жеке көшбасшы атануы мүмкін. «Йокогама» өз алаңында «Шанхай Портты» қабылдайды. Алғашқы ойында жапондықтар 1:0 есебімен жеңіске жетіп, жалғыз голдың авторы дәл осы Лопес болды.
Қазіргі таңда Андерсон Лопестің еншісінде 8 матчта 7 гол мен 3 нәтижелі пас бар.
Ол бүгін тағы да гол соға ала ма? Мұны 15:00–де білетін боламыз. «Йокогама» — «Шанхай Порт» матчын тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.