Роналду мен Дюранның голдары «Әл-Насрды» Чемпиондар лигасының ширек финалына шығарды (видео)

«Әл-Наср» Азия чемпиондар лигасының аясында өз алаңында «Эстегляльді» 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Гол авторлары — Криштиану Роналду мен дубль жасаған Джон Дюран.
Осылайша, Сауд Арабиясының клубы екі матчтың қорытындысы бойынша Азия Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды.