«Әл-Садд» – Азия Чемпиондар лигасының ширек финалисті (видео)

Қатардың «Әл-Садд» клубы Азия Чемпиондар лигасы аясында сырт алаңда «Әл-Васлмен» (БАӘ) тең ойнап, өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Катарлықтар үш голды да алғашқы таймда соқты — Мустафа Мешаль, Юсеф Аталь және Акрам Афиф көзге түсті.
Қонақтар тек бір жауап голымен шектелді, оны Фабио Лима соқты.
Осылайша, «Әл-Садд» екі матчтың қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды.