logo

Малайзиялық жолбарыстар ширек финал жолында. «Джохор» – «Бурирам» матчы тікелей эфирде

Малайзиялық жолбарыстар ширек финал жолында. «Джохор» – «Бурирам» матчы тікелей эфирде

Азия Чемпиондар лигасының атауы жағынан ең әсерлі болмаса да, мағынасы зор кездесулерінің бірі — «Джохор» (Малайзия) мен «Бурирам» (Таиланд) арасындағы матч. Бұл ойында өз чемпионаттарында көш бастап тұрған екі қазіргі чемпион кездеседі.  

Тереңірек қарасақ, «Джохор» клубында испандық ізі анық байқалады. Команда құрамында Сегунда ойыншыларынан бөлек, Испания жастар және ұлттық құрамасында ойнаған футболшылар бар. Олардың қатарында Альваро Гонсалес, Индонезия азаматтығын алған Хорди Амат, Хонатан Виера, «Реал Мадридпен» екі рет Чемпиондар лигасын жеңген Хесе және Саму Кастельехо бар.  

Алғашқы матч 0:0 есебімен аяқталды, енді малайзиялық жолбарыстар «Бурирамады» өз алаңында қабылдайды.  

Ойын 17:00–де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ Sportplustv.kz сайтынан көруге болады.