Кирилл Герасименко үстел теннисінен АҚШ-тағы беделді турнирде сынға түсті
Қазіргі таңда Лос-Анджелесте (АҚШ) үстел теннисінен «United States Smash» атты халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған додаға Қазақстан құрамасының атынан Кирилл Герасименко және Зәуреш Ақашева қатысты. Дегенмен қос спортшы да жарысты ерте аяқтады.
Кирилл Герасименко турнирді негізгі кезеңнен бастады. Дегенмен алғашқы кездесуінде жапониялық Сора Мацусимадан 3:0 есебімен жеңіліп қалды.
Ал Зәуреш Ақашева іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп, Кристина Калльбергті (Швеция) 3:2, Диа Читалені (Үндістан) 3:2 есебімен жеңді. Алайда жарыстың үшінші айналымында Тан Чжао Юнға (Сингапур) 1:3 есебімен жол берді.