Иванов Ташкентте Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлады

Иванов Ташкентте Қазақстан құрамасына алтын медаль сыйлады

Ташкентте өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Орталық Азияның III чемпионатында Иван Иванов ядро лақтырудан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+. 

Қазақстандық спортшы 19,35 метр нәтижесімен бірінші орынға ие болды. Күміс жүлдені Түрікменстан өкілі Гурбанназар Какаджаев (15,79 м), қола жүлдені Өзбекстан спортшысы Абдуазим Рахматуллаев (15,39 м) еншіледі.

Иван Ивановтың Ташкенттегі нәтижесі соңғы екі жылдағы ең үздік көрсеткіштерінің бірі болды. 2026 жылы бұдан жоғары нәтижені ол Мокпода өткен Азияның лақтыру түрлерінен чемпионатында тіркеген.



Күн шежіресі