Жеңіл атлет Максим Сажнев Қазақстан рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты

Жеңіл атлет Максим Сажнев Қазақстан рекордын жаңартып, U20 әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан АҚШ-тың Орегон штатындағы Юджин қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы жарыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Кезекті жарыс күнінде әлем чемпионатының финалына Максим Сажнев жолдама алды.

Қазақстандық спортшы диск лақтырудан іріктеу кезеңінде 61,37 метр нәтиже көрсетті. Осылайша U20 санатында Қазақстан рекордын жаңартты.

Сажнев финалға алтыншы орынмен шықты. Бұл сайыстағы жүлделер 9 тамызда сарапқа салынады.



Күн шежіресі