Қазақстандық спортшылар қазақша күрестен әлем чемпионатында екі алтын сыйлады

Қазақстандық спортшылар қазақша күрестен әлем чемпионатында екі алтын сыйлады

Әзербайжанның Баку қаласында қазақша күрестен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+.

Жарыстың екінші күнінде Қазақстан құрамасының арулары екі алтын медаль жеңіп алды. Сезім Өтеұлы 65 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Финалда ол Өзбекстан өкілі Фарангиз Худойбергенованы жеңді. Ал Назерке Тілеуханова 77 келіге дейінгі салмақта алтын медальға қол жеткізіп, финалда грузиялық Нино Одзелашвилиден басым түсті.

Қыздар арасында Севара Нишанбаеваның күміс жүлдеге ие болды. Ол финалда жарыс қожайыны Гюнель Гасанлыдан жеңіліп қалды. 77 келіден жоғары салмақта Арайлым Абенова қола медаль алды.

Ерлер арасында Ерқанат Молдағұлов (100 келі) пен Нұрдәулет Жарылғапов (+100 келі) күміс жүлдеге ие болды. Мансур Әлшеков (82 келі) пен Еңбек Сақтағанов (90 келі) қола жүлдеге қол жеткізді.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды. Екінші орынға Грузия құрамасы жайғасса, үшінші орын Әзербайжан командасына бұйырды.



Күн шежіресі