logo

«Дауылдар» алтын жүлде үшін бәсекеге қайта қосыла ма? «Газиантеп» – «Трабзонспор» ойынының тікелей эфирі

«Дауылдар» алтын жүлде үшін бәсекеге қайта қосыла ма? «Газиантеп» – «Трабзонспор» ойынының тікелей эфирі

«Трабзонспор» соңғы турда «Фенербахче» командасынан 2:3 есебімен жеңіліп, ыстамбұлдықтардан 7 ұпайға қалып, чемпиондық бәсекеден алыстап қалды.

Фатих Текке шәкірттерінің келесі қарсыласы турнир кестесінің ортасында тұрған «Газиантеп» болмақ. Тағы бір жеңіліс «дауылдардың» тіпті жүлделі орындар үшін күресін қиындата түсуі мүмкін, өйткені өкшеден амбициясы зор «Гезтепе» қысып келеді.

Бірінші айналымда командалар ұпай бөліскен еді — Трабзонда өткен ойын 1:1 есебімен аяқталған. Алайда бұл жолы тең нәтиже Теккені қанағаттандырмайды.

«Дауылдар» «Газиантептен» ұпай ала ала ма, оны бүгін сағат 18:00–де білетін боламыз.

Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі