«Ювентусты» жеңгеннен кейінгі өмір: «Коньяспор» – «Галатасарай» матчының тікелей эфирі
«Галатасарай» Чемпиондар лигасында «Ювентусты» 5:2 есебімен ойсырата жеңгеннен кейін Суперлиганың кезекті турына көтеріңкі көңіл күймен келіп отыр.
Қазіргі таңда ыстамбұлдық команда турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді және қазіргі чемпион атағын қорғауға нық қадам жасауда.
Бұл жолғы қарсылас — чемпионатта соңғы 12 матч бойы жеңіске жете алмай келе жатқан «Коньяспор». Осы аралықта олар 6 рет тең ойнап, 6 рет жеңіліс тапқан.
Бірінші айналымда «Галатасарай» Ыстамбұлда 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.
Жауапты кездесу 21 ақпанда сағат 22:00–де өтеді.
Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.