logo

«Атырау» Ресейдің жастар құрамасы футболшысымен келісімге келді

«Атырау» Ресейдің жастар құрамасы футболшысымен келісімге келді

«Атырау» футбол клубы 20 жастағы ресейлік шабуылшы Константин Дорофеевпен келісімшартты ұзартқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

20 жастағы шабуылшы кәсіби мансабын «Краснодар-2» клубында бастаған. Ол 16 матчқа қатысып, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Ресейдің жастар құрамасында 4 ойын өткізіп, 2 голдың авторы атанған.

Өткен маусымда «Тұраннан» ауысқаннан кейін Константин Қазақстан Премьер-лигасында «мұнайшылар» сапында 11 матч өткізіп, 5 гол соқты.



Күн шежіресі