logo

Дастан Сатпаев гол соқты, бірақ «Қайрат» жеңілді

Дастан Сатпаев гол соқты, бірақ «Қайрат» жеңілді

«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында Данияда өткен ойында «Копенгагенге» жол берді, деп хабарлайды Sport+.

Алматылық ұжым сапында Дастан Сатпаев пен Олжас Байбек голдармен көзге түсті, бірақ жас ойыншылардың нәтижелі соққылары ұпай алуға мүмкіндік бермеді.  

Алматылық клуб жалпы кезеңдегі сырт алаңдағы нәтижелі сериясын жалғастыруда — команда әрбір сырт алаңдағы ойында гол соғып келеді. Сатпаев осы кезеңде гол соққан алғашқы қазақстандық атанды. Алайда Дастан матчта алған кезекті сары қағазына байланысты келесі ойынға қатыса алмайды.

Копенгаген — Қайрат 3:2
26' Виктор Дадасон (1:0)
59' Джордан Ларссон, пенальти (2:0)
73' Роберт (3:0)
81' Дастан Сатпаев (3:1)
90' Олжас Байбек (3:2)

«Қайраттың» жалпы кезеңде әлі үш матчы бар. Оның екеуі Астанада өтеді:

9 желтоқсан — «Қайрат» vs «Олимпиакос»
20 қаңтар — «Қайрат» vs «Брюгге»
29 қаңтар — «Қайрат» vs «Арсенал»