logo

Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасының тарихына енуі мүмкін

Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасының тарихына енуі мүмкін

Қазақстан құрамасы мен «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сатпаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне енуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+.

Егер Сатпаев Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турындағы «Копенгагенге» қарсы сырт алаңдағы матчта гол соқса, Еуропаның басты клубтық турнирі тарихындағы ең жас сұрмергендердің алғашқы үштігіне кіреді. Қазір оның жасы — 17 жас 110 күн.

Чемпиондар лигасының рекорды Ансу Фатиға тиесілі: ол 2019 жылы «Интер» қақпасына 17 жас 40 күнінде гол соққан. Екінші орында — «Барселона» жұлдызы Ламин Ямал (17 жас, 68 күн — 2024 жылы «Монакоға» соққан голы). Үшінші орын «Антверпен» шабуылшысы Джордж Иленихенаға тиесілі: ол «Барселона» қақпасына 17 жас 119 күнінде гол соққан.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бесінші турында «Копенгаген» — «Қайрат» матчы бүгін Копенгагендегі «Паркен» стадионында өтеді.