logo

«Қайсар» жаңа спорт директорын тағайындады

«Қайсар» жаңа спорт директорын тағайындады

Кызылордалық «Қайсар» клубы 36 жастағы қазақстандық маман Алдан Балтаевтың спорт директоры қызметіне тағайындалғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

Алдан Балтаев кәсіби мансабын өз туған клубы «Қайсардан» бастап, кейін «Атырау», «Ақтөбе» және «Қызылжар» командаларында өнер көрсетті. Футболшылық мансабын аяқтаған соң, ол «Қайсар» құрылымында әртүрлі қызметтер атқарған.