logo

«Қайсар» жаңа бас бапкердің тағайындалғанын жариялады

«Қайсар» жаңа бас бапкердің тағайындалғанын жариялады

Жаңа маусымда «Қайсар» футбол клубын қазақстандық маман Андрей Ферапонтов жаттықтырады, деп хабарлайды Sport+.

Андрей Святославович — «Мақтаарал» және «Оқжетпес» клубтарында жұмыс істеген маман. Сондай-ақ Беларусь командаларында және «Ақтөбе», «Ордабасы», «Қайрат» клубтарында ассистент болған. Бұдан бөлек, Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамаларының бапкерлік штабына кірген.

Өткен маусымда команданы Виктор Кумыков басқарған.