«Барыс» бас бапкерге қатысты сұрақтарға жауап берді
Хоккей клубының «Барыс» баспасөз қызметі бапкерлер құрамындағы өзгерістер туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.
«Желіде „Барыстың“ бас бапкері ауысуы мүмкін деген шындыққа жанаспайтын ақпарат таралуда. Қазіргі уақытта клуб басшылығы өзге мамандармен келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ. Михаил Кравец бастаған бапкерлер штабы қалыпты жұмыс режимінде команданы алдағы матчтарға дайындап жатыр»