logo

«Барыс» шабуылшымен келісімшарттың бұзылғанын хабарлады

«Барыс» шабуылшымен келісімшарттың бұзылғанын хабарлады

Шабуылшы Владимир Волков «Барыс» хоккей клубынан кетті, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасының хоккейшісі Владимир Волков елордалық «Барыс» клубымен қош айтысты. Клубтың баспасөз қызметі хабарлағандай, келісімшарт екі жақтың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Биылғы маусымда Волков КХЛ-де «Барыс» сапында 8 матч өткізіп, бір шайба соғып және бір нәтижелі пас берген.



Күн шежіресі