«Барселона» немесе «Реал» Испания Кубогында жеңіске жеткен жағдайда қандай сыйақы алатыны белгілі болды

Испанияның Корольдік футбол федерациясы (RFEF) Кубоктың финалында жеңіске жеткен клубқа шамамен €1,2 млн сыйақы төлейді, деп хабарлайды Sport+.
Marca ақпараттарына сәйкес, Кубоктың шешуші матчында жеңілген команда шамамен €1 млн табыс табады. Бұл сома негізінен телевизиялық трансляция құқықтарын сатудан түскен қаражаттан құралады.
Сондай-ақ, «Барселона» мен «Реал» кассалық түсімдерден қосымша табыс алады. Финалға 50 мыңнан астам билет сатылатыны күтілуде, олардың бағасы €72 мен €270 арасында болады. Ұйымдастыру шығындарын есептегенде, алынған сома RFEF пен финалистер арасында бөлініп, қосымша тағы шамамен €1 млн табыс табуға мүмкіндік береді.
«Барселона» — «Реал Мадрид» матчының тікелей көрсетілімін Sport+ телеарнасынан және Sportplustv.kz сайтынан Астана уақыты бойынша 01:00–де тамашалауға болады.