logo

Ханс Флик: «Барселона» Испания Кубогының финалынан ләззат алуы керек

Ханс Флик: «Барселона» Испания Кубогының финалынан ләззат алуы керек

«Барселона» клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик алдағы Испания Кубогының финалдық матчы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

«Бізде үш трофей жеңіп алу мүмкіндігі бар және бұл — біздің мақсатымыз. Бірақ алда „Реалмен“ матч тұрғанын білеміз, олардың командасы өте мықты. Команда осы финалдан ләззат алуы керек. Ертеңгі күннен рахаттануымыз қажет», — деді Флик матч алдындағы баспасөз мәслихатында.

«Барселона» мен «Реал» арасындағы ойын Севилья қаласындағы «Олимпико де Севилья — Ла Картуха» стадионында өтеді. Ойынның басталуы — Астана уақытымен 01:00–де.

Матчтың тікелей көрсетілімін Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі
1 г. 4 м. 9 д. 13 ч. 56 м. 56.223 с.