«Елімай» сырт алаңда «Жетісуге» жауапсыз үш гол соқты

Талдықорғанда 2025 жылғы Қазақстан Премьер-лигасының 6-туры аясында талдықорғандық «Жетісу» семейлік «Елімайды» қабылдады, деп хабарлайды Sport+.
Ойын қонақтардың ірі жеңісімен аяқталды — 3:0. Голдарды Одебоибо, Плакка және Мулич соқты.
Бұл нәтиже Андрей Карповичтің командасына турнирлік кестеде уақытша екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Олар көшбасшы «Қайраттан» бір ұпайға ғана қалып отыр.