«Оқжетпес» пен «Жеңіс» тең тарқасты

Көкшетауда Қазақстан чемпионатының алтыншы туры аясында «Оқжетпес» пен «Жеңіс» арасындағы матч аяқталды, деп хабарлайды Sport+.
Ойынның қорытындысы жеңімпазды анықтаған жоқ. Кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. Дәурен Жұматтың голына қонақтар Адилионың дәл соққысымен жауап қайтарды.
Алты турдан кейін «Оқжетпес» турнир кестесінде 8-орында, ал «Жеңіс» 10-орында тұр.