logo

Мбаппеге не болды? Килиан «Барселонаға» қарсы ойнамауы мүмкін

Мбаппеге не болды? Килиан «Барселонаға» қарсы ойнамауы мүмкін

Мадридтің «Реал» клубының бас бапкері Карло Анчелотти шабуылшы Килиан Мбаппенің физикалық дайындығына күмән келтіруде, сол себепті француз футболшысы Испания Кубогының «Барселонаға» қарсы финалдық матчына қатыспай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.

Егер Мбаппе «Барселонаға» қарсы ойнамайтын болса, оның орнына орталық алаңға жартылай қорғаушы Дани Себальос шығады.

Карло Анчелотти француз футболшысының матчтың алғашқы минуттарынан бастап алаңға шығу-шықпауына қатысты шешімді каталониялықтарға қарсы ойынның алдында қабылдайтыны хабарланды. Егер Мбаппе негізгі құрамда алаңға шығатын болса, онда бразилиялық Родриго орындықта қалуы мүмкін.

Француз шабуылшысы Чемпиондар лигасының ширек финалындағы «Арсеналға» қарсы жауап матчында (1:2) тобығын жарақаттап алған болатын. Ол «Атлетикке» қарсы (1:0) Примераның 32-тур матчына дейінгі командалық жаттығуға қатыспады.

Матчтың тікелей көрсетілімін Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көре аласыздар.



Күн шежіресі
1 г. 4 м. 16 д. 19 ч. 5 м. 53.608 с.