«Атырау» 24 жастағы қорғаушымен келісімшартқа қол қойды
«Атырау» 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Санжар Сатановпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Санжар Сатанов — «Атырау» футбол орталығының түлегі. Өткен маусымда ол «Оқжетпес» сапында ойнап, 23 матч өткізді.