Асу Алмабаевтың жаңа қарсыласы анықталды
Америкалық RAF күрес лигасы Асу Алмабаевтың дебюттік белдесуін жариялады, деп хабарлайды Sport+.
22 тамыз күні Кливлендте өтетін RAF 22 турнирінде Асудың қарсыласы 34 жастағы Джонни Диджулиус болады. Белдесу 66 келіге дейінгі жартылай жеңіл салмақта өтеді.
Диджулиустың RAF лигасындағы көрсеткіші — 1 жеңіс және 2 жеңіліс. Ал Асу үшін бұл аталған ұйымдағы алғашқы белдесу болмақ.