Астанада дәстүрлі BAQ Open by Beeline Janymda қысқы турнирі өтеді
Қазақстан Тәуелсіздігі күні қарсаңында Beeline Arena ұлттық теннис орталығының корттарында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында теннистен дәстүрлі BAQ Open by Beeline Janymda қысқы турнирі өтеді.
Турнир 2019 жылдан бері өткізіліп келеді, қазірдің өзінде игі спорттық дәстүрге айналды: жазда жарыс Алматы топырақ төсенішіндегі корттарда, қыста Астанада қазіргі заманғы хардта өтеді. Осы жылдар ішінде BAQ Open бірегей алаңға айналды, онда Қазақстанның барлық түкпірінен медиа-индустрия өкілдері: журналистер, блогерлер, операторлар, фотографтар, монтажерлар, медиа-қоғамның басқа да өкілдері жиналады.
BAQ Open басты мақсаты — медиа өкілдерінің басын қосып, бір-бірімен жаңаша байланыс жасап, қарым-қатынасын нығайтуға мүмкіндік беру, осы ретте бұқаралық спорт пен саламатты өмір салты мәдениетін ілгерілету. Турнир қатысушыларға жарыс бәсекесін ғана емес, сонымен қатар достық ахуалын, тәжірибе алмасу мен шабытты тарту етеді.
Жарыстың бас серіктесі – елде теннистің дамуы мен спорттық бастамаларды үнемі қолдап жүретін Janymda брендімен Beeline Kazakhstan.
Турнир 13 желтоқсанда Астанада өтеді. Қазірдің өзінде 40-тан астам қатысушы өтінімдерін берді.
Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау