Қазақстан гандболдан әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі үшінші матчта жеңіліп қалды
Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатының жұбаныш кезеңіндегі үшінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандастарымыз Мысыр құрамасына 18:30 есебімен жол берді.
Қазақстандықтар жұбаныш кезеңінде үш матчта да жеңіліп, екінші топта соңғы орынға ие болды.
Осылайша, құрама 31- 32-орындар үшін ойнайды. Қазақстан құрамасы келесі матчта Иранмен кездеседі.